Әлемдегі ең кәрі әке 104 жасында төсегінде темекі шегемін деп бақилық болды. Ол 104 жастағы Үндістан азаматы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
104 жастағы Рамжит Рагавке 2010 жылы 60 жастағы әйелі ұл туып берген. Ал 2012 жылы Ранджит есімді ұлы дүниеге келіп, әлемдегі ең кәрі әке атанған.
Фото: CAP TV / YouTube
2020 жылдың 11 ақпанында Рагавтың үй жағынан айқайды естіп, оның үйіне көршісі жүгіріп барады. Сол кезде көршісі түтінге оранған ғимараттан Рамжитті көрген. Ол төсекте жатып темекі шеккен. Соның салдарынан өрт шыққан.
Осылайша,көршісі Раговтың үстіне су шашып, оны ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткенімен, әлемдегі ең қарт әке ертесіне күйік салдарынан көз жұмды.