Өскемен әуежайының маңында санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ШҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше көз жүгіртсек, АН-2 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:33-те құлаған. Ұшақта болған 5 адамның барлығы тірі. Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетілуде. Санитарлық авиацияның ұшағы Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады.
Фото: ІІМ ТЖД баспасөз қызметі
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командиріне Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде қону керек болған. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Азаматтық Авиация комитеті.
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің апаттарды тергеу басқармасы қазір ұшақтың құлауына байланысты мән-жайды анықтап жатыр.