$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Автобус Шымкенттен Екатеринбургке жол жүріп бара жатқан.

26 ақпанда шамамен 20:00 шамасында Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде, жол тайғақ болғандықтан автобус ауылдың шетінде аударылып түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облыстық полиция басқармасының мәліметінше, салонда 48 адам болған. Оның 45-і жолаушы болса, 3-еуі жүргізуші. Автобус Шымкенттен Екатеринбургке жол жүріп бара жатқан. Жолаушылар көлігі жолдың шетіне аударылып кеткен.

Автобустағы жолаушылардың барлығы тәжікстандық. Абырой болғанда жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларды құтқарушылар мен полицейлер эвакуациялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары