$ 494.87  520.65  4.91

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кеткен қылмыскерлерді қандай жаза күтіп тұр?

"Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамды пайдакүнемдік ниетпен қару қолдану арқылы ұрлау" деген баптары бойынша айып тағылған.

Павлодарда адам ұрлауды жоспарлаған қылмыскерлер Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың қарындасынан 200 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар қаласының тұрғыны Гүлфаз Аубанованы ұрлау туралы қылмыстық іс қаралды.

Гүлфаз Кенжетайқызы Аубанова - Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы. Ол жеке медициналық ұйымдар желісінің топ-менеджері. Жеке медициналық орталықтың директоры, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған. 2009 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментін басқарды.

Күдіктілердің қатарында бір фирманың басшысы және оның қызметкері бар. Оларға ҚР ҚК-нің "Қылмысқа оқталу", "Аса ірі мөлшерде қорқытып алушылық", "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамды пайдакүнемдік ниетпен қару қолдану арқылы ұрлау" деген баптары бойынша айып тағылған. Егер қылмыс дәлелденсе күдіктілер 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"2013-2018 жылдар аралығында ЖШС директоры мен құрылтайшысында 360 миллион теңге сомасындағы несиені өтеуге байланысты қаржылық қиындықтар пайда болған. 200 миллион теңге көлемінде ақша өндіріп алу үшін  ол өз кәсіпорнының күзетшісімен бірге Г. К. Аубанованы ұрлап кеткен",- делінген соттың баспасөз хабарламасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары