$ 443.85  474.3  4.8

Ресейден келген «көріпкел» 400 мың теңгені алаяқтық жолмен қалтаға басқаны үшін елден қуылды

Жыл басынан бері СҚО-да 178 алаяқтық тіркелген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік алаяқ-көріпкел тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшасын жымқырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Мамлют ауданындағы әріптестерімен бірлесіп 81 жастағы ауыл тұрғынының алдануына қатысты алаяқтықты анықтады. Қылмыс ауылдық жерлерде жиі кездесетін жоспар бойынша жасалды.

Бейтаныс әйел ауыл тұрғындарының үйіне барып, көріпкел ретінде өзін таныстырып, 400 мың теңге көлемінде ақшаны алдап алған. Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

“Жедел уәкілдер күдіктінің қозғалыс бағытын қадағалап, жұмыс жүргізді, — деп хабарлайды Айыртау ПБ бастығының орынбасары Григорий Лукьяненко. — Оның ауданнан кеткені анықталды. Облыс бойынша азаматшаны іздеу бойынша бағдар берілді. Сипаттама бойынша әйел Мамлют ауданында ұсталды. Күдікті 1983 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды өтеп, зейнеткерден кешірім беруін өтінген.

Тергеу барысында шетелдік азаматшаның әр үйге кіріп тұрғындарға әртүрлі сылтаулар айтқан. Біріне көріпкелмін деп таныстырып, біріне әртүрлі ұсыныстар білдіріп, алдаған.

Көші-қон қызметі оның әрекетін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша “Қоғамдық орындарда тиісу” деп бағалады.

Осы баптың 3-бөлігі шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Бүгін көріпкелді ҚР-нан шығарып жіберу туралы үкім шығарылды. Жыл басынан бері СҚО-да 178 алаяқтық тіркелген. Осы түрдегі 110 қылмыс ашылды, оның бір бөлігі өндірісте.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары