Атырауда қорғаныс костюмін киген дәрігерлер жұртты дүрліктіріп қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоны Instagram әлеуметтік желісіндегі @zello__atyrau парақшасы жүктеді. Видеоны көргендердің барлығы "коронавирус Атырауға да жетті" деген қауесет тарата бастады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 26 ақпанда түстен кейін «103»-ке жақында Таиландтан келген әйел ыстығы көтерілгендігінін айтып шағымданып, қоңырау шалғандығын растады. Қызметкерлердің формасын коронавирусқа күдік туындаған жағдайда қауіпсіздік нұсқауларына сәйкес киімі деп түсіндірген.
Науқас әйел жедел түрде ЖРВИ диагнозымен №2 Атырау облыстық аурухананың оқшаулау бөліміне карантинге жатқызылды. Коронавирустық инфекция расталмады, бүгінде науқастың жағдайы тұрақты.