$ 449.3  489.69  4.89

Атырауда жол апатынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды

Орын алған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.

Атырау облысында күрделі жол-көлік оқиғасы орын алып, бес адам оқиға орнында көз жұмды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін таңертең Құлсары-Тенгиз тас жолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 км қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты.

Қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Лада 2131” маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-баптың 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Орын алған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты