Қостанай облысының Сарыкөл ауылында К-700 тракторы қызды қағып кетіп Оқиға 27 ақпанда болды. Апат салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Аlau.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиғаға қатысты ақпаратты Қостанай облыстық ПД ақпаратты растады. Қазіргі кезде 24 жастағы қыздың қазасына және болған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
"Сағат 16:50 шамасында Пушкин көшесінде 54 жастағы жүргізуші К-700 тракторын жүргізіп келе жатқан. Сол кезде жолда 24 жастағы қызды қағып кеткен. Алған жарақаттардың салдарынан қыз көз жұмды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.