$ 448.15  483.46  4.86

Осымен үшінші рет: Нұр-Сұлтан қаласында депутаттардың үйінен өрт шықты

Оқиға орнына елордалық ТЖД жеке құрамының 27 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы аттанды.
фото: astana.etagi.com
фото: astana.etagi.com

Бүгін кешке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«4 наурыз күні сағат 19:59-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Достық көшесі бойындағы «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына елордалық ТЖД жеке құрамының 27 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы аттанды», - деп хабарлады комитет өкілдері.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай қызметкерлері тұрғын үй кешеніне жеткен кезде 8-қабаттағы пәтерлердің бірінен қою түтін байқалған.

«Керме төбе мен жиһаздар жанған. Қабылданған шаралардың арқасында қызыл жалын сағат 20:46-да сөндірілді. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 50 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ» делінген ақпаратта.

Бұл – осы үйдің үшінші рет өртенуі. Бұдан бұрынғы төтенше жағдайлар 2016 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың наурызында болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары