$ 514.65  544.6  5.17

Алматы тоғанының жағасы өлі балықтарға толды

Алғаш өлі балықтарды жергілікті балықшылардың бірі көрген. Олар эко-белсенділерді шақырған. Белсенділер резервуардың ластануы – жаппай індеттің болуы мүмкін деген болжам жасады.

Алматының шетінде орналасқан тоғандағы балықтардың жаппай өлуінің себебін экологтар зерттеп жатыр. Сол жерден жүздеген күміс мөңке, сазан, тұқы табылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Арнаның хабарлауынша, судың маңында өткір иіс бар, ал резервуардың бетінде ақ көбік пайда болған. Полицейлер мен прокурорлар сол жерде жұмыс істеп, коммуналдық қызметтер өлі балықтарды жинай бастады.

Алғаш өлі балықтарды жергілікті балықшылардың бірі көрген. Олар эко-белсенділерді шақырған. Белсенділер резервуардың ластануы – жаппай індеттің болуы мүмкін деген болжам жасады.

Резервуардың жанында Алматы ЖЭО-2 орналасқан. Қазір жағалауы өлі балықтарға толы мұндай көріністі Сергей Алексеев ешқашан көрмегенмін дейді. Ол ширек ғасыр бойы су қоймасының жанында өмір сүрген. Айтуынша, бұл көл жергілікті тұрғындар арасында өте белгілі. Мұнда олар балық аулап, жыл бойы демалады.

«Мұндай көлемдегі балықтар үшін су өте аз. Олар адамдар тесік жасағаны үшін тұншығып жатқан жоқ. Аштықтан өлді. Адамдарды осындай кішкентай түрмеге қамап қойса, олар өздерін қалай сезінеді? Міне, жағадағы көрінісі – мынау, бірақ, оның түбінде әлі қаншасы жатыр...», - дейді Сергей Алексеев. 

Экологтар судың түрлі үлгілерін алуда. Шенеуніктер жергілікті тұрғындармен келіседі. Балық тұншығып қалса керек.

«Қыста судың беті мұзбен жабылады. Мұздың қалыңдығынан оттегі кірмеген. Мүмкін бұл алдын-ала болжам шығар», - деп екіұшты жауап берді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Қанат Айманов.

Бұл іске полиция мен прокуратура қосылды. Тергеу балықтардың жаппай қырылуының нақты себебін анықтауы керек. Қылмыстық іс қозғалды. Осы уақытта мамандар өлген балықтың нақты санын атай алмайды. Оны есептеуге бірнеше күн кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары