$ 498.34  519.72  4.85

ҰҚК атыс қаруы мен оқ-дәрі жеткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топты ұстады (ВИДЕО)

11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды.

Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды.  

"Көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды", - делінген ҰҚК-нің хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары