$ 498.34  519.72  4.85

Мас жүргізушінің кесірінен аялдамада тұрған әйел екі аяғынан айрылды (ФОТО)

Оқиға 5 наурыз күні таңғы сағат 7 кезінде болған.

Алматыда жол апатынан зардап шеккен 61 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Sputniknews.kz. Жағдайы ауыр. 

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасында бейсенбі күні таңертең Мақатаев және Чайковский көшелерінің қиылысында аялдамада көлік қаққан әйелдің денсаулығы туралы айтты. Жүргізуші мас болған.

"Әйел медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетті. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте нашар. Екі аяғынан айырылды, сол жақ білегінің сүйегі сынған. Травматикалық шок алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Оқиға 5 наурыз күні таңғы сағат 7 кезінде болған. 

Мас болған Ford Transit көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында 61 жастағы әйелді соқты. Әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Көлік жүргізушісі Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аялдама