$ 514.65  544.6  5.17

Көңіл жарастырып жүрген жас шахматшылардың мәйіті пәтерден табылды

Екі адамның денесін тапқан кезде, олардың қасында азот тотығы бар шарлар жатқан.
Фото:  web.telegram.org
Фото: web.telegram.org

Мәскеуде пәтерлердің бірінде қыз-жігіт ретінде кездесіп жүрген жас шахматшылардың мәйіті табылды. Марқұмдарды қыздың әкесі үйіне келген кезде көрген. Екі мәйіттің бірі украиналық шахматшы Станислав Богданович болса, бірі оның дос қызы Александра Вернигора, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, riafan.ru-ға сілтеме жасап.

Екі адамның денесін тапқан кезде, олардың қасында азот тотығы бар шарлар жатқан. Болжам бойынша, спортшылар көңіл көтерін газдан уланған болуы мүмкін. Мәйіттерде зорлық белгілері жоқ. Ал олардың өлімінің нақты себебін сараптама қорытындысы анықтайтын болады.

Көз жұмған 18 жастағы Вернигора әлемдік шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде 1861-орында, бойжеткен шахмат жарысында Украинаның намысын қорғаған болса, 27 жастағы Богданович гроссмейстер, Одесса және Украина чемпионы.

 Станислав Богданович Ресейдің атынан Украинаға қарсы интернет-матчте ойын ойнаған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мәйіт #Мәскеу