$ 446.49  475.38  4.79

Қыздарды секс-құлдыққа мәжбүрлеп, жігіттерді малай қылған кәсіпкер сотталды

Кафедегі қанды қылмыс Иван Косюктің өлімінен кейін әшкерленді. Ұйымдасқан топ 34 жастағы Меңдіқара тұрғынын шынжырмен байлап, құлдыққа салып қамауда ұстаған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 Қостанай соты жігіттерді құлдыққа салып, қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген дәмхана қожайыны 17 жылға бас бостандығынан айрылды, сыбайластары да сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Сот залындағы ақпараттарға сенсек, атышулы  Тимур Алатаев басқарған топ жол бойындағы «Керуен» дәмханасында бір емес, бірнеше қылмыс жасаған. Шағын дәмханаға жұмыс іздеп келгендердің еңбегін қанап, кейбіреуін күшпен құлдыққа салған. Қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық көрсетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. 

Кафедегі қанды қылмыс Иван Косюктің өлімінен кейін әшкерленді. Ұйымдасқан топ 34 жастағы Меңдіқара тұрғынын шынжырмен байлап, құлдыққа салып, қамауда ұстаған. 

Бұрын полицияда жұмыс істеген Тимур Алатаев жұмысшыларына түрлі жаза қолданып, күш көрсеткен. Қасақана ұрып соққан. Қалың қарызым бар деп қолхат жаздырып, жәбірленушілерді заңсыз бас бостандығынан айырған. 

"Моншада клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрледі. Айтқанға көнбесең балаңның көзін құртамын деп қорқытты. Қашатын болсаң, ұстап алып денеңді бөлшектеп тастаймыз деп шошытты. Ұрып-соқты. Үш рет зорлады", - деді жәбірленуші Ирина Царёва.

 Басты фигурант - Тимур Алатаев Қылмыстық Кодекстің 10-бабы бойынша айыпты деп танылып, 17 жылға сотталды. Екі сыбайласы Евдокимов - 14 жылға, ал Абдулхаев - 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталушылар Иван Косюктің анасына 5 миллион теңгеден астам моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары