07.03.2020, 15:30

Бас прокуратура атақты Роналдиньоны қамау туралы ордер берді

6 сағат жауап алынған соң, ол босатылған болатын.

Парагвайдың бас прокуратурасы жалған төлқұжатты қолданғаны үшін футболшы Роналдиньоны тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Роналдиньо жалған жеке куәлік қолданды деп айыпталды, бас прокуратура оны қамауға алу ордерін берді және оны алдын ала қамауға алуды талап етеді", - деп хабарлады Парагвай бас прокуратурасы Twitter-де.

Тағы оқи отырыңыз: Салықтан жалтарып, айыппұлдан қашқан: әйгілі Роналдиньоның өзі жалған құжатпен ұсталды

Естеріңізде болса, жақында Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Парагвайда елге кіру кезінде жалған төлқұжат қолданды деген күдікпен ұсталды. Кейін 6 сағат жауап алынған соң, ол босатылған болатын.