$ 444.32  473.33  4.76

Атыраудағы нысандар мен үйлердің шатыры желдің ұйытқуына төтеп бере алмауда (ВИДЕО, ФОТО)

Осы күндер аралығында қала тұрғындарына сыртқа шықпауды ескертеміз!

Жұма күні Атырауда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін жел тұрды, деп жазады Atpress.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Метеорологтардың болжамы бойынша, желдің ұйытқуы жексенбі өтпей, тынышталмайды.

Осы күндер аралығында қала тұрғындарына сыртқа шықпауды ескертеміз! Өйткені ауада көтерілген шаң күн сәулесін жауып тастайды.

Әлеуметтік желідегі фотосуреттер мен видеолардан көріп отырғандай, заманауи құрылысшылар мен мердігерлердің жұмыстары желдің ұйытқуына төтеп бере алмауда. Оған қоса үйлердің шатырлары «ұшып», қабырғалары опырылып, көшедегі нысандар қирап жатыр. Әзірге зардап шеккендер жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жел #Атырау