$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстан облысында пойыздың бес вагоны аударылып қалды

Апатқа байланысты, жолаушылар мен жүк пойыздары басқа жолмен жүреді.

Кеше Батыс Қазақстан облысының Сайқын кентінде №10518 Саратов – Астрахан бағытындағы жүк пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай түнгі 23:00 шамасында болған. Белгілі болғандай, аударылған пойыз вагондарына астық тиелген.

«Болжам бойынша апатқа, дөңгелектегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Бес вагон (№14, 15, 16, 17, 18) рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатқа байланысты, жолаушылар мен жүк пойыздары басқа жолмен жүреді», – деп мәлімдеді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдайды жоюға «Ресей темір жолы» ААҚ-ның 16 жұмысшысы мен БҚО ТЖД-ның төрт қызметкері жұмылдырылған.

Тағы оқи отырыңыз: Жолаушылар пойызы Аршалы маңында жайылған 11 жылқыны жайратты (ВИДЕО)

«Қазір арнайы қызметтер жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр», – деп атап өтті Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов. Ал қазір төтенше жағдайға байланысты тексеріс басталғандықтан, оқиғаның нақты себебін құзырлы органдар анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары