$ 494.87  520.65  4.91

Талғар ауылында 7 жасар қызды жертөлеге қамап қойған педофил ұсталды

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмағандарға зорлық») бойынша тіркелді.
фото: amur.info
фото: amur.info

Алматы облысы Талғар ауданының Талдыбұлақ кентінде жоғалған 7 жасар қыз жертөледен табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, Талдыбұлақ тұрғынынан 7 наурыз күні сағат 20.34-те 2012 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары сол сәтте жедел-іздестіру жұмыстарын бастады.

«Cеруендеу кезінде жоғалған бала осы ауылдың бір ғимаратының жертөлесінен табылды. Сол жерде 1990 жылы туған Н. есімді күдікті ұсталды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмағандарға зорлық») бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары