$ 445.66  474.58  4.78

Елорданың Көктал кентінде жатақхана өртенді

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жатақхана тұрғындары өз беттерімен далаға шығып үлгерген. Олар жылыну үшін автобус паркінен арнайы жіберілген қоғамдық көлікке отырғызылды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Көктал-2» тұрғын алабында орналасқан жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 наурыз күні сағат 06:00-де «101» нөміріне «Көктал-2» тұрғын алабында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде жатақхана ретінде жабдықталған екі қабатты ғимарат шатырының 200 шаршы метр аумағы өртеніп жатқаны анықталды» делінген баспасөз хабарламасында.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жатақхана тұрғындары өз беттерімен далаға шығып үлгерген. Олар жылыну үшін автобус паркінен арнайы жіберілген қоғамдық көлікке отырғызылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өрт сөндіруге 9 техника мен жеке құрамнан 43 адам жұмылдырылды. Өрттің таралуы сағат 07:39-да тоқтатылып, 09:05-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары