Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғындары қасқыр бөлтіріктері үшін кек алмақшы болып, қойларды жарып кеткен деп болжам жасап отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Мой ГОРОД" өңірлік порталының ақпаратынша, оқиға 7 наурыз, сенбі күні Ақтөбе облысы Мартөк ауданындағы Полтавка ауылында болған.
"Жергілікті тұрғын 7 наурыз күні сағат 7.00-де малын жайғастыру үшін қораға барған. Сол кезде қойлардың арасында қасқырдың жүргенін көріпті. Тұрғын бастапқыда қойлардың арасында жүрген ит деп ойлапты. Сондықтан оны қуа бастаған, сол кезде әлгі түз тағысы шарбақтан секіріп кеткенде оның қасқыр екенін бір-ақ біліпті. Жыртқыштың бес қойды жарып кеткені белгілі болды. Оған қоса, қасқыр екі итке шабуыл жасап, оларды жарақаттаған. Мұны естіген жергілікті аңшылар қарда жүретін көлікпен жыртқыштың ізіне түсті. Нәтижесінде Полтавка ауылының маңын мекендейтін ұрғашы қасқырды атып тастады", - деді Байтурасай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Амин Әжниязова.
Мартөк ауданының бұрынғы әкімі Серік Ботағариннің сөзінше, бұған дейін ауыл тұрғындарының бірі Полтавка маңында екі бөлтірікті атып тастаған. Енді ауыл тұрғындары болса, қасқыр бөлтіріктері үшін кек алып отырған болуы мүмкін деген ойда.