Қарулы топ Чили әуежайында тұрған көлікке шабуыл жасады, деп хабарлайды "Guardian" басылымы.
Басылым мәліметіне көзжүгіртсек, қаруланған белгісіз біреулер әуежайдағы шабуыл кезінде 14 миллион доллар мен бір миллион еуро ұрлап әлгі жерден тайып тұрған. Оқиға кезінде 7-10 адам екі көліктегі терминалды ашқан. Содан қомақты қаражатты жымқырған.
Чили полицейлерінің айтуынша, қаскөйлер ол көлікте ақша болатынын алдын ала білген екен. Осы оқиғаның салдарынан екі күзетші зардап шеккен.