$ 498.34  519.72  4.85

Оралда бір топ жігіт мереке күні 9 сынып оқушысын зорлап кеткен

Тәрбие ісі бөлімінің бас маманы Жазира Рысқалиева осы жағдайдан кейін мектепте арнайы іс-шаралар өтетінін айтты.
Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv


Оралда мектеп оқушылары Халықаралық әйелдер күнін тойлау кезінде 9 сынып оқушысын зорлап кеткен. Бұл мәліметті БҚО полиция департаментінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 8 наурызда қыздың ата-анасы мейрамды өздерің тойлай беріңдер деп рұқсат беріп, барлығын үйде қалдырып кеткен. Нәтижесінде сол кеште бірнеше бала оқушы қызды зорлаған.

"Бұл іс кәмелетке толмаған балаға қатысты болғандықтан, біз прокуратураның келісімінсіз мәлімет бере алмаймыз. Барлық қажет мәлімет ертең, 12 наурызда айтылады", - деді полицейлер.

Қалалық білім басқармасы да бұл жағдайды растады. Тәрбие ісі бөлімінің бас маманы Жазира Рысқалиева осы жағдайдан кейін мектепте арнайы іс-шаралар өтетінін айтты. 3 сәуірге дейін қаланың барлық мектебінде ата-аналар жиналасын өткіземіз", - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқушы #Орал