Алматы облысы Талғар қаласында 11-сынып оқушысы көпірден секіріп кетті. 16 жастағы қыз оқиға орнында мерт болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.kz.
Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, қыз көпірден секірген кезде жанында жігіті болған. Оқиға кеше кешке, яғни 11 наурыз күні шамамен, сағат 17:30 кезінде орын алған.
«Оқушы Талғар қаласындағы №2 мектепте оқыған. Көпір биік, асты тас, әрі судың ағыны қатты болған. 2004 жылғы қыз жағдайы жақсы отбасынан шыққан. Көпірден секірген кезде жанында жігіті болған деген болжам да қарастырылып жатыр. Нақты себебін анықтап жатырмыз», - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанкелді Өмірәлиев.
Мектеп директорының берген мінездемесінде Іңкәр Қарамырзаның отбасындағы жалғыз қыз екені, оқу үлгерімі орташа, сабақтан себепсіз қалмайтыны айтылған.