$ 443.35  475.54  4.82

Кентауда «мүгедектікке шығарып беремін» деп «бірнеше адамнан ақша алды» деген күдікпен әйел ұсталды

Күдікті дәл осы тәсілмен бір емес, бірнеше адамды алдап, 700 мыңға теңгедей ақшаны қалтасына басқан.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысының Кентау қаласында «мүгедектікке шығарып беремін» деп бірнеше адамнан ақша алды деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кентау полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған бейтаныс кісі оның 70 мың теңгесін алып, алдап кеткен. Қалалық сақшылар күдікті әйелді анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. 

Күдікті дәл осы тәсілмен бір емес, бірнеше адамды алдап, 700 мыңға теңгедей ақшаны қалтасына басқан. Аталған жайттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселені заң жүзінде шешуді ескертеді. Егер осындай алаяқтардың қылмысына куә немесе құрбаны болсаңыз, “102” шұғыл нөміріне хабар беріңіз, дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары