13.03.2020, 12:00

Оралда мереке күні 9 сынып оқушысын зорлағандардың арасында кәмелетке толғандар да бар

Фото: mir.pravo.by
Егер дәлелдер жеткілікті болса, бұл аса ауыр қылмыс саналмақ.

Оралда 9 сынып оқитын қызды зорлағандардың арасында, кәмелет жасына толғандардың да бар екендігі белгілі болды. Қазір осы іске қатысы бар күдіктілер тергелуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің хабарлаған. Естеріңізде болса, бұған дейін 8 наурыз күні мерекені тойламақ болған оралдық оқушы қызды бірнеше жасөспірім зорлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Жәбірленген қыз кәмелет жасына толмағандықтан, бұл оқиға туралы көп дерек әзір құпия. Полицияның хабарлауынша, ары тапталған қыздың анасы 9-наурыз күні құзырлы орындарға арыз түсірген. Осыдан кейін тергеу амалдары басталыпты.

"Осы арыз негізінде көрсетілген факт бойынша оқиғаның ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша барлық қажетті алғашқы тергеу амалдары орындалды. Тағайындалатын қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО ПД ТБ бастығы Шералы Абрахманов.

 Полиция дерегінше, 8 наурыз мерекесін атап өтпек болған оқушылар тәулікке жалға берілетін пәтерде бас қосқан. Оқиға да сол жерде болған. Сақшылар үйін кәмелетке толмағандарға жалға берген тұрғынды да тексеруге алыпты. Ал қалалық білім бөлімі ата-аналарды жинап жиналыс өткізбек. 

Оқушыны зорлағандар арасында кәмелет жасына толғандар да бар екендігі айтылды. Егер дәлелдер жеткілікті болса, бұл аса ауыр қылмыс саналмақ. Онда күдіктілердің 12-17 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Дегенмен, қыздың зорлануына қатысты нақты деректер арнайы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. 

Тағы да оқыңыз: Оралда бір топ жігіт мереке күні 9 сынып оқушысын зорлап кеткен

«Жұмыста қалу үшін міндетті түрде басшылармен жату керек пе?» - Айгүл Орынбек

Былтыр кәмелет жасына толмағандарға қатысты облыс бойынша 54 қылмыс жасалған екен. Оның 20-сы жыныстық зорлық көрсетуге байланысты. Бүгінде бұл істердің көбі сотқа жолданған.