$ 494.87  520.65  4.91

Әмиянынан ақша ұрланғанын білген келін қайын апасының үстінен арызданды

Куәгерлерден жауап алып, оқиға орнын мұқият тексерді.
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Түркістан өңірінде келінінің әмиянынан ақша ұрлаған әйел ұсталды, деп жазады polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол Қазығұрттағы қайын әпкесінің үйіне қыдырып барып, үйден шығарда әмиянын кіреберістегі кір жуатын машинаның үстіне қалдырып кеткен.

Жарты жолда есіне түсіп қайтып келгенде әмиян ішіндегі 90 000 теңге түгел болмай шығады. Санап келгенде 75 000 теңгенің жоқ екенін көреді.

Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы — “Ұрлық” бойынша тіркелді. Осы іс бойынша учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Куәгерлерден жауап алып, оқиға орнын мұқият тексерді. Полицейлер сөйтіп ақшаны алған жәбірленушінің қайын апасы, яғни үй иесі екенін анықтады.

Тергеу барысында күдікті өз ісін толық мойындап, ұрлықты қалай жасағанын білмей қалдым депті. Іс сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әмиян