$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК «Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде теракт дайындады» деген күдікпен бір адамды ұстады

Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.
Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz

13 наурызда Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

"Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деген күдікке ілінді.Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды", - делінген ҰҚК-нің ресми хабарламасында.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу жалғасуда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теракт #ҰҚК