17.03.2020, 07:20

Есіл ауданында қатарынан үш әйелді пышақтаған қаскөй ұсталды

фото: azattyq-ruhy.kz
Күдікті бұрын сотты болған. Анықталғандай, ол қосылып спирттік ішімдік ішкен 31, 35 және 36 жастағы үш әйелге пышақ жарақатын салған.

Ақмола облысында үш әйелге пышақ жарақатын салған қаскөй ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 14 наурызда Есіл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, түнгі уақытта көршілерінің тыныштықты бұзғанын айтқан.

«Айтылған мекенжай бойынша барған полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті бұрын сотты болған. Анықталғандай, ол қосылып спирттік ішімдік ішкен 31, 35 және 36 жастағы үш әйелге пышақ жарақатын салған. Зардап шегушілер аурханаға жатқызылды», - дейді баспасөз қызметі.

ПД қызметкерлері атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 107-бабы (Қасақана денсаулығына орташа ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге тергеу уақытында шақырған уақытта міндетті түрде келу процессуалдық шешімі шығарылды.