$ 449.58  486.94  4.86

«Сауалхатты қабылдамай қойды»: Қарағандыда күзетші қызмет бабымен жүрген журналиске шабуылдаған

Қарағандының полиция департаментінің өкілдері бұл деректі растады.

Қарағандыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші қызмет бабымен жүрген журналист Ботагөз Омароваға шабуылдаған , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы журналист Facebook желісіндегі парақшасында жазған болатын.

Омарова бұл оқиғаның таңғы сағат 10.30-да Қарағандыдағы құрылыс компанияларының кеңсесінде болғанын айтты.

"Мен проблемалық компаниялардың бірінің жұмысын бақылап жүретінмін, содан компания өкілдеріне сауалхат әкелген болатынмын. Олар көп уәде беріп, үйлерді соңына дейін салмайтын. Сауалхатты қабылдамай қойды. Сол кезде шамамен бес адам кіріп келді. Олар екі ай бойы жалақысын алмаған болып шықты. Мен мұны видеоға түсіре бастадым. Осы кезде күзетші жүгіріп шығып, мені ұрып-соға бастады, әлі дұрыс дем ала алмай тұрмын. Құлап кеттім, сол жақта наразылық білдіріп жатқандар маған келіп көмектесті", - дейді журналист.

Қарағандының полиция департаментінің өкілдері бұл деректі растады.

"Ботагөз Омарованың арызы қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді өңірлік полицияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары