$ 443.85  474.3  4.8

Талдықорғанда көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті

«Оқиға Талдықорғандағы «Жетісу» ықшамауданында болды. Кешкі сағат 19:00 шамасында бес қабатты үйден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Талдықорғанда газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға екі жұмысшы газдың есептеуіш құралын ауыстырып жатқанда болған. Ресми мәлімет бойынша, газ орталықтандырылған жүйеге қосылған. 

«Оқиға Талдықорғандағы «Жетісу» ықшамауданында болды. Кешкі сағат 19:00 шамасында бес қабатты үйден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның алтауы – балалар. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 21 қызметкері мен жедел жәрдем, полиция өкілдері және 7 техника жөнелтілді.

Зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты. Олар – «Тавиди» ЖШС-ның жұмысшылары. Газ-ауа қоспасының жарылысынан өрт туындаған жоқ. Терезелері ғана сынды. Басқа пәтерлерге залал келген жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары