Атырауда миллион масканы жоғары бағамен сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар анықталды.
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгенде Атырауда бір топ адам миллион дана маска сатумен айналысқан, маскалардың жалпы құны - 313 миллион теңге. Оларда ешқандай құжат болмаған", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны айтылады.