$ 444.22  476.38  4.82

Тұрғындар карантинге қарамастан «Алтын орда» жақтағы блок-бекеттің маңына жаппай жиналуда (ВИДЕО)

Полиция өкілдері видеодағы халықтың қала сыртындағы адамдар екендігін жеткізді.

Алматы облысының тұрғындары "Алтын орда" маңындағы блок-бекеттің маңына қалаға кіру үшін жаппай жиналуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде қаланың шығаберісіне жиналған дүйім жұрттың айғай-шу естілетін бейнежазба таралуда. Видеода көліктер мен адамдардың қалаға беттеп, кіре алмай тұрғандығы байқалады. 

Алматының ПД баспасөз қызметі бұл жайт жайлы пікір білдірді. Полиция өкілдері видеодағы халықтың қала сыртындағы адамдар екендігін жеткізді. 

"Карантин уақытында қалаға ешкім кіргізілмейді деп айтылып, ескерілсе де, кейбір облыс тұрғындары ережеге бағынғылары келмейді. Бекеттегі қазіргі жағдай тұрақты", - деп мәлімдеді ПД өкілі.

Бұған қоса ол қаланың сыртына кетіп жатқандардың аз екендігін алға тартты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары