$ 514.65  544.6  5.17

Теміртауда астыртын антисептик дайындайтын цех жұмысы әшкереленді

Оның шығарған өнімдері қоймадан және емхана дәріханаларынан тәркіленді.
Фото: newkuban.ru
Фото: newkuban.ru

Теміртау қаласында заңсыз жолмен микробтан қорғайтын спрей дайындаған цех жұмысы әшкере болды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

 Сұранысты пайдаланып, медициналық өнімді астыртын шығарған адам оны Қарағанды облысы тұрғындарына сатып келген. Өнім құрамында қандай қоспалар бары, әрі ол адам денсаулығына зиян, зиян емесін сараптама анықтайтын болады. Қарағанды облысының экономикалық тергеу департаменті заңсыз антисептик жасаған ер адамды қолға түсірді. Оның шығарған өнімдері қоймадан және емхана дәріханаларынан тәркіленді.

«Басқа тауар белгісін пайдаланып, «Алкосепт» деген өнім шығарған цехтың спрейлері медициналық мекемелерге түскен. Бүгінде ҚК 222-бабының 1-бөлігіне сай тергеу амалдары жүргізілуде» ,- деп хабарлайды Қарағанды облысының экономикалық тергеу департаменті. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары