19.03.2020, 18:30

Алматыда блок-бекеттен өтпек болған мас адам шу шығарды (ВИДЕО)

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін – 2020 жылы 19 наурызда 71-ші разъезд аумағында болған.

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінен мас адам өтіп кетпек болған, бірақ оны полиция қызметкерлері жабыла ұстап қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыдан шыға берісте орнатылған бақылау-өткізу бекетінен өтіп кетпек болған ер адамды полиция қызметкерлері ұстап алған видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрда оның полицияға барынша қарсылық көрсетіп жатқаны көрінеді, бірақ олар оны сүйреп әкеліп, патрульдік көлікке отырғызады.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін – 2020 жылы 19 наурызда 71-ші разъезд аумағында болған.

Қоршаудан секіріп өтпек болған ер адамның мас екені белгілі болды. Оны полиция қызметкерлері ұстап алған. Қаланың периметрі айналасында орналасқан басқа жол тосқауылдарында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Жалпы, жағдай қаншалықты қиын болса да, салыстырмалы түрде бәрі тыныш.

Тегтер: карантин