Бұтында іш киімі ғана бар ер адам елордада "Коронавирус кет!" деген жазуы бар мата ілінген дронды құлап қалған жерінен көтеріп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram әлеуметтік желісіндегі "@astanovka98" деген парақшаға жартылай жалаңаш адамның жағалауда жүгіріп бара жатқан сәті түсірілген видео жүктелді. Видеодан әлгі адамның суық ауа-райына қарамастан, құлап қалған дронды жерден көтеріп алуға асығып бара жатқанын көруге болады. Байқаңыздар, дрон мен оған байланған ақ матаны қолына ұстаған азамат өте көңілді. Әлгі ақ матада "Коронавирус кет!" деп жазылған.
Видео авторы "Дронды құлатып алдық, оның соңынан құтқарушы жүгіріп барады" деп әзілдеген. Бұл видеоны 38 мыңнан астам желі қолданушысы қарап үлгерген.
Жартылай жалаңаш адамның жағалауда жүгіріп бара жатқанын желіден көргендер болса, "Осындай адамдар көп болса екен, студияға медаль әкеліңдер", "Көктем. Жындылардың қозатын кезі ғой", "Жергілікті морж", "Құдай денсаулық берсін!", "Не істеп жүрсің?", "О, құдайым, коронавирус деген әнді әлі де тыңдайтын адамдарды түсінбеймін", - деп пікір қалдырды.
Ал желі белсенділерінің кейбіреулері жартылай жалаңаш азаматты Мұхтар Әблязов деп ойлап қалған. Мәселен олар, "Мен жүгіріп бара жатқан Әблязов деп ойлап қалдым", "Мұхтар туды көтерді", "Әблязов па?", - деп жазды.