$ 494.87  520.65  4.91

Минскіден келіп, карантиннен қашқан: полицейлер Көкшетау тұрғынының пәтер есігін бұзып ашты

Емдеу мекемесіне мәжбүрлеп жеткізілген жергілікті тұрғыннан анализдер алынып, вирусологиялық зертханаға зерттеуге жіберілді.
фото: platon.asia
фото: platon.asia

Ақмола облысының полицейлері карантинге жатудан бас тартқан Көкшетау тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 19 наурыз күні «Минск – Нұр-Сұлтан» рейсімен ұшып келген. Жалпыға ортақ тәртіп бойынша міндетті түрде карантинге жатуы керек болатын. Бірақ, одан бас тартып, Көкшетау қаласына қайтып кеткен.

Медициналық тексеру жүргізу үшін Ақмоладағы тұрғылықты жері бойынша СЭС пен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жіберілді. Бірақ, ер адам дәрігерлерге есік ашпапты.

Болған жағдайды дәрігерлер Көкшетау қаласының Полиция басқармасына хабарлайды. ТЖ қызметкерлері пәтер есігін бұзып ашуға мәжбүр болды.

Емдеу мекемесіне мәжбүрлеп жеткізілген жергілікті тұрғыннан анализдер алынып, вирусологиялық зертханаға зерттеуге жіберілді. Аталған фактіге сәйкес, полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары