$ 498.34  519.72  4.85

Оралда мас жүргізуші «Audi A6» автокөлігімен көпірден ұшып түсті

Бұл оқиға қала аумағында Самара-Шымкент тас жолы бойындағы көпірде болған.

Оралда мас жүргізуші көлігімен көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, бұл оқиға қала аумағында Самара-Шымкент тас жолы бойындағы көпірде болған. Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылы бағытында 1953 жылғы жүргізуші «Audi A6» автокөлігімен қатты жылдамдықпен келіп, алдында кетіп бара жатқан «Volkswagen Passat» автокөлігін соққан.

Салдарынан, «Audi A6» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, темір қоршауды бұзып өтіп, көпірден әрі ұшып түскен.

Тағы оқи отырыңыз: Оралда көлік қоршауға «ілініп» қалды (ФОТО)

Түрлі жарақат алған «Audi A6» жүргізушісі облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның рөлге ішімдікке тойып алып отырғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары