$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда ер адам карантинде жатқан әйелінінің палатасына терезе арқылы кірмек болған

Дәурен Абаев тіпті, ақылға сыймайтын жағдайлар тіркеліп жатқанын айтады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде адамдардың карантин аумағына кіріп кету жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Төтенше жағдай кезінде адамдар карантин аумағына кіріп кетуге тырысып жатыр. Соңғы тәулікте төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша 137 адам жауапқа тартылды, 89-ы қамалды. Олардың бәрі де өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін мойындады», - деді министр «Хабар 24» арнасындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында. 

Дәурен Абаев тіпті, ақылға сыймайтын жағдайлар тіркеліп жатқанын айтады.

«Қарағандыда өзінің бұрынғы әйелінің палатасына терезе арқылы кірмек болған ер адам 10 тәулікке қамалды. Әйелі карантинде жатқан. Ол Германиядан келген. «Неліктен?» деген сұрақ туындайды», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары