$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында қыздан талдауға қан алған медбике коронавирус жұқтырып алды

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 229.

Атырау облысында коронавирус жұқтырған бесінші адам қалалық емхананың қызметкері, деп хабарлайды Сoronavirus2020.kz.

"Белгілі болғандай, медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыздан талдауға қан алған. Бүгін жергілікті тұрғын жасаған тестінің қорытындысы шықты, одан коронавирус инфекциясы табылды. Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 229, жазылғандары - 18, 1 адам осы індеттен қайтыс болды.


,

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары