$ 494.87  520.65  4.91

«Қала тұрғындары талаптарды елемейді»: СҚО-да көшелерді патрульдеу күшейтілді

ТЖ режимі кезінде полицейлер блок-бекеттерде қызмет атқарып, коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды, оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері төтенше жағдай кезеңінде ерекше режимде қызмет атқарады. Петропавл қаласында карантин енгізілгелі облыс орталығы көшелерін патрульдеу күшейтілді. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтауға ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары, әскери қызметшілер тартылды. Петропавлдың көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жалпы 500-ден астам полиция қызметкері, әскери қызметшілер мен курсанттар жұмылдырылды. ТЖ режимі кезінде полицейлер блок-бекеттерде қызмет атқарып, коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді.

Қауіпті індеттің таралуына қатысты орнатылған шектеу шараларының қатаңдатылғанына қарамастан кейбір қала тұрғындары талаптарды елемейді, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.  СҚО-да төтенше жағдай режимін бұзудың 70-тен астам фактісі анықталды, оның 30-дан астамы карантин кезеңінде орын алды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары