$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте су құбыры арқылы карантиннен қашпақ болған әйел ұсталды

Үйдің маңында кезекшілік атқарған полицейлер мен әскерилер болған жағдайға байланысты еш нәрсе айтпады.

Полицейлер мен әскерилер карантиннен қашқан Шымкент тұрғынын ұстады. Ол екінші қабаттан су ағатын құбыр арқылы түскен.

Куәгердің айтуынша, әйелді такси күтіп тұрған, деп хабарлайды Eliter.kz.

"Әйел үйден үш метр де асқан жоқ. Полицейлер мен әскерилердің жедел әрекет етуінің арқасында ұсталды. Күтіп отырған таксидегі ер адам оған көмектеспек болды. Соңында полиция екеуін де әйел қашпақ болған пәтерге апарды", - деді куәгер.

Үйдің маңында кезекшілік атқарған полицейлер мен әскерилер болған жағдайға байланысты еш нәрсе айтпады. Бірақ жоққа шығармады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары