$ 494.87  520.65  4.91

Төтенше жағдай кезінде отшашу атқан Нұр-Сұлтан тұрғыны ұсталды

Полиция департаменті елорда тұрғындарына карантин кезінде үйден себепсіз шыққандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын тағы ескертеді.
Фото: rossia24.pro
Фото: rossia24.pro

Полиция қызметкерлері карантин режимін бұзып, түнгі уақытта бірнеше рет петарда атқан 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы 1-бөлімі («елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану») және 476-бабының 6 бөлімі («төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша хаттама толтырды.

Материал Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Полиция департаменті елорда тұрғындарына карантин кезінде үйден себепсіз шыққандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын тағы ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары