$ 445.66  474.58  4.78

Ақтаудағы пәтерлердің бірінен мүрде табылды

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Ақтауда ер адамның денесі табылды. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Мәйіт №9 ықшам аудандағы 25-ші үйде табылған. Куәгерлер ер адамның денесі пәтерлердің бірінде табылғанын айтып отыр, деп хабарлады Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"102 нөміріне хабар 6 сәуір күні сағат 11:50 кезінде түсті. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен адам өлімінің себебі анықталып жатқаны айтылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам өлімі