$ 443.37  474.49  4.83

ҰҚК 20 кеденшіні ұстау сәті түсірілген ВИДЕО жариялады

Олар аз уақыт ішінде миллиондаған теңге, он мыңдаған доллар және басқа да валютамен ірі сомада қаржы алды.
Фото: ru.sputnik.kg
Фото: ru.sputnik.kg

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекет еткен 20 кеденшінің ұсталған видеосын жариялады, деп жазады Sputniknews.kz.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің 20-дан астам қызметкерін ұстады. Олар аз уақыт ішінде миллиондаған теңге, он мыңдаған доллар және басқа да валютамен ірі сомада қаржы алды", - делінген комитеттің Facebook парақшасында.

Анықталғандай, кеден қызметкерлері Қытайдан Өзбекстанға бет алған жүк көлігін Қазақстан арқылы қиындықсыз өткізу үшін пара алған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген іс-шаралар нәтижесінде лауазымды тұлғалар, кеден органдарының, сондай-ақ, фитосанитариялық, ветеринарлық және көлікті бақылау қызметкерлерінің заңсыз әрекеті тіркелді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰҚК