$ 447.4  477.55  4.76

Көкшетауда дауыл салдарынан үйлердің шатыры ұшып, кейбір аудандар жарықсыз қалды (ВИДЕО)

«Осыған байланысты, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін үйден шықпауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Бүгін Көкшетау қаласында жазғытұрымның дүлей дауылы көпқабатты үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео авторының айтуынша, қатты жел қаладағы Әуелбеков көшесі, 166 үйдің шатырын көтеріп әкеткен.

«Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, жел қаланың бірқатар аудандарында тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкетіп, аялдамаларды құлатқан. Осыған байланысты, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін үйден шықпауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Көкшетау қаласының әкімдігі, Instagram парақшасында.

Осы орайда, ұйытқи соққан қатты желдің салдарынан қаланың кейбір аудандарында электр жарығы да өшіп қалған. Дауылдан зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары