$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ашулы азамат лифт түймелеріне түкіріп жіберді (ВИДЕО)

Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді.

Алматыда жедел саты түймелеріне түкірген бұзақы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бұл туралы Алатау ауданының полициясында хабарлады.

 "Ер адамның дұрыс емес әрекеті "Алатау сити" тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінің жедел сатысында орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті. Оның жеке басы анықталды және полицияға жеткізілді және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді", – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Тағы оқи отырыңыз: «Мұндай екі аяқты «хайуанға» не деуге болады?!»: Алматыда біреу жеделсатыға қақырып-түкіріп кетті (ВИДЕО)

Бұл кезде, құқық бұзушы қатты өкініп, халықтан кешірім сұрады.

 "Ашулы күйде жедел саты түймелеріне түсіріп жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын", – деді А.есімді тұрғын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары