$ 494.87  520.65  4.91

Шеге жұтып қойған 3 жасар балаға ота жасалды

Дәрігерлер баланың жағдайы алғашқыда орта ауыр жағдайда болғанын анықтаған.

Перзентінің белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген анасы тез арада жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз затты жұтып қойған бүлдіршін клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланың жағдайы алғашқыда орта ауыр жағдайда болғанын анықтаған.

Шұғыл түрде асқазанын видео гастроскопия аппаратымен тексеріп, шегенің тұрып қалған жерін көрген. Білікті хирургтер Әкім Түлкібай мен Асанбай Құрманалиевтің жетекшілігімен балақайға жабық ота жасалып, мамандар асқазанда тұрып қалған шегені эндоскопиялық жолмен алып шыққан.

«Медицина қызметкерлері шегені баланың денесін кеспей-ақ алып шықты. Дәрігерлер дер кезінде балақайға көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екенін айтады. Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге үйіне шығарылған», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#операция