$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбе облысында төтенше жағдайға қарамастан заңсыз тасымалдаумен айналысқан адам анықталды

Блокпостарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлеріне бақылау күшейтілді.

Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушыны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz

Бүгін, Ақтөбе–Қобда бағытында (Маржанбұлақ ауылы) №1 блок-бекетке бес жолаушысымен “Хонда-Элюзион” автокөлігі тоқтатылды. 

Тексеру барысында автокөлік жүргізушісі фармацевтикалық компанияның өкілімен Ақтөбе қаласынан Орал қаласына дәрілік заттарды тасымалдауды жүзеге асырған. “InDriver” қосымшасының көмегімен жүргізуші және фармацевтикалық компанияның өкілі Ақтөбеге жолаушыларды жинады. Төрт жолаушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы (төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер) бойынша хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

 Полиция департаменті азаматтарды заңсыз тасымалдаушылардың қызметін пайдаланбауға және төтенше жағдай кезінде қойылатын барлық талаптарды орындауға шақырады. Мұндай құқық бұзушылықтар қатаң түрде жауапқа тартылады. 

Блокпостарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлеріне бақылау күшейтілді. Азаматтарды инфекцияның алдын алуға және таратпауға бағытталған өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары