$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда боди-массаж жасатуға барғандар қамалып жатыр

Барлығы жауапқа тартылған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда SPA-cалонға боди-массаж жасатуға барғандар соттың үкімімен бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер төтенше жағдай режимі кезінде "Юго-Восток" ықшамауданында интим қызмет көрсеткен SPA-cалонды анықтаған. Коттеджде 11 адам болған: сегіз қыз, салонның әкімшісі және екі клиент.

Барлығы жауапқа тартылған.

Соттың үкімімен салонның әкімшісі жеті тәулікке, ал онда келушілер бес тәулікке қамауға алынған. Сондай-ақ, боди-массаж қызметін көрсетіп жатқан қыздарға 10 АЕК мөлшерінде (27 780 теңге) айыппұл салынғаны айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#массаж