$ 494.87  520.65  4.91

Елордада супермаркетке кіріп кеткен әке ұлын жоғалтып алды

10 минуттай өзі іздеген.

Нұр-Сұлтан қаласында дүкенге келген ер адам 2 жасар баласын жоғалтып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәлім болғандай, ер адам ұйықтап жатқан ұлын көлікте қалдырып, өзі дүкенге шығып кеткен. Қайтып келгенде сәбиін таппай қалған. 10 минуттай өзі іздеген. Таппағаннан кейін қалада қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің көмегіне жүгінген.

«Әскери наряд басшысы Нұрсұлтан Құрашов патрульдер Ералы Қосымбай мен Бейбарыс Қайырлиевпен бірлесіп, баланың жоғалу фактісі туралы әскери нарядтар бойынша кезекшіге дереу хабарлаған. Әскерилер кішкентай Қайсарды іздеу жұмысына кірісті. Нәтижесінде 10 минуттан кейін шағын маркеттің маңынан жалғыз өзі жылап тұрған баланы тапты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары